Медициналық сақтандыру қоры жағдайды түсіндірді
ҚР Қарулы күштерінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар да осы кезеңге жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған. Яғни жұмыс істеп жүріп, әскерге кеткен азаматтар жарналар мен аударымдарды төлемеуі және олар үшін қарыз жиналмауы керек, деп хабарлайды Sarbaz.kz Медициналық сақтандыру қорының баспасөз орталығына сілтеме жасап.
Медициналық сақтандыру қорына сарбаздар туралы деректерді қорғаныс органдары жібереді. Егер қандай да бір себептермен мәліметтер уақытылы жіберілмей қалса, берешек пайда болады. Бұл жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының атына берешекті жою туралы өтініш жазып, әскери билеттің сканерленген нұсқасын тіркеп kanc@fms.kz электрондық мекенжайына жіберу керек.
Егер әскерде борышын өтеп жүрген азамат үшін жарна төленсе, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы қате төленген жарналарды қайтаруға өтініш бере алады.
Егер сіздің тағы да сұрақтарыңыз болса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгініңіз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз:
Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың немесе жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз статусыңызды тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.