АҚШ Израильді Газа бойынша келіссөзде жеңілдік жасауға шақырды

АҚШ билігі Израильдің Рафахтың оңтүстігіне жоспарлаған әскери шабуылына алаңдаушылық білдіріп, кейбір палестиналықтардың Газа секторының солтүстігіне оралуына қол жеткізгісі келеді

Админ
07/04/2024 - 11:52

Mohammed Salem/REUTERS

Mohammed Salem/REUTERS

АҚШ үкіметі Израильді Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келіссөздерде жеңілдікке шақыруда. Бұл туралы АҚШ, Израиль және Мысыр шенеуніктеріне сілтеме жасап The Wall Street Journal хабарлады.

Атап айтқанда, АҚШ билігі қазіргі уақытта миллионнан астам палестиналық орналасқан Рафахтың оңтүстігіндегі Израильдің жоспарлы әскери шабуылына байланысты алаңдаушылық танытып отыр. Осыған орай олар Газа секторының оңтүстігінен солтүстікке қарай бейбіт тұрғындардың бір бөлігін қайтаруға қол жеткізгісі келеді.

Бүгін Каирде Газа секторында атысты тоқтату және ХАМАС ұйымы кепілге алған израильдіктерді Израильде түрмеде отырған палестиналықтарға айырбастау жөніндегі келіссөздер өтуі тиіс. Келіссөздерге АҚШ, Катар, Израиль және ХАМАС делегациялары қатысуды жоспарлап отыр.

2023 жылдың қараша айында Израиль қорғаныс күштерінің (ЦАХАЛ) Еуропа мен АҚШ-та лаңкес деп танылған радикал ХАМАС қозғалысына қарсы кескілескен шайқасы салдарынан шамамен 800 мың палестиналық Газаның солтүстігінен оңтүстігіне эвакуацияланды. Содан бері Израиль палестиналықтардың елге оралуына тыйым салды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91