Атырау облысында су тасқыны салдарынан 28 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды

Құтқарушылар Құлсары қаласының тұрғындарына көмек көрсетуде

Админ
07/04/2024 - 09:13

ТЖМ

ТЖМ

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Sarbaz.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмек көрсетуде.

Осы сағатта Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланды. 

ЖАО, ТЖД, ҚМ, полиция, әскери қызметшілер, еріктілер мен тұрғындардың күшімен бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 46 352 қап төселіп, 174 312 тонна инертті материал төгілді.

Әкімдіктің мәліметінше, Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй мен инфрақұрылымды су басты.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91