Су тасқыны: Жылыой ауданынан 12 мыңнан астам эвакуацияланды

Тұрғындар Атырау қаласы мен Маңғыстау облысына эвакуацияланды

Админ
06/04/2024 - 09:08

Atyrau Press

Atyrau Press

Ауданда төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары басталғалы бері 12 мыңнан астам жылыойлық қауіпсіз орынға көшірілді. Оның бес мыңы - балалар, деп хабарлайды Sarbaz.kz Атырау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Тұрғындар Атырау қаласына, Теңіз кенішіндегі вахталық қалашыққа және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды.

Жағдйаға қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті.

Президент облыстағы су тасқыны жағдайын бақылауда ұстап отыр. Су басу қаупін сейілту үшін барлық шара қабылданып жатыр және бұл жұмыстар одан әрі күшейтіледі. Үкімет қарғын судан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді, сондай-ақ материалдық шығындар өтеледі, - деп хабарлады Ақорда.

Облыс әкімі Серік Шәпкеновпен  сөйлесу барысында Президент ешқандай отбасы, бірде бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді және оларға өзінің жылы лебізін білдіріп, әрдайым қолдайтынын жеткізуді тапсырды.

×

Редакция

$ 522.49  547.88  5.06