Елімізде 70-тен астам ауылмен көлік қатынасы үзілді

Бұл ауылдарға қатынайтын жол су астында қалды

Sarbaz.kz редакторы
05/04/2024 - 15:40

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда құтқару жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшақтар арқылы жүзеге асырылады.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерінде су тасқынының зардаптарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар және авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын сору, инертті материалдар салынған қаптарды төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағалау жұмыстарын жүргізу, адамдарды ескерту және қауіпсіз жерлерге көшіру жұмысы қызу жүріп жатыр.

Су тасқыны басталғаннан бері Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 596 жеке тұрғын үй мен 334 аула су астында қалды. 1143 тұрғын үй мен 1013 ауладан еріген су сорылды. 19 459 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 8 460 бала бар, 55 мың ауыл шаруашылығы жануарлары айдалды. Жедел желіге 835 қоңырау түсті.

Бақылауда 88 жол эрозиясы, оның ішінде 4 көпір және 84 жол төсемі, 123 жолға су тасуы бар. Көлік қатынасы 74 ауылға апаратын жол су астында қалды. Жергілікті атқарушы органдар бұл ауылдармен байланыс орнатып, қажетті азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті.

Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың 9 мыңнан астам адамы, 2,2 мың дана техникасы, 613 су сору техникасы және 96 су және 11 әуе кемелері құтқару жұмысына жұмылдырылды.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4