Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды

Президентті әуежайдан Шавкат Мирзиёев қарсы алды

Sarbaz.kz редакторы
05/04/2024 - 14:06

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысын Үргеніш қаласының әуежайында Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Сапар аясында екі ел басшылары бейресми кездесу өткізіп, Хиуа қаласындағы кәсіпорындар мен мәдени нысандарды бірге аралап көреді деп жоспарланып отыр.

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53