Бишімбаевтың ісі: әлеуметтік желіде прокурордың атынан жалған парақша ашылған

Парақшаға 15 мыңнан астам оқырман тіркелген

Sarbaz.kz редакторы
05/04/2024 - 12:53

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бишимбаевтің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушының Instagram әлеуметтік желісіндегі жалған парақшасындағы жазылушылардың саны 15 мыңнан асты. Астана қаласының прокуратурасы бұл парақшаның прокурорға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ведомство мәліметінше, Instagram әлеуметтік желісінде «aijan.aimaganova» атты парақша анықталды (парақша 15 000 мыңнан астам жазылушы жинады). Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.

Сондай-ақ, парақшада келесі жазба жарияланған «Дорогие Казахстанцы! Страницу открыла по просьбе обычных Людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я обещаю работать для Нового Казахстана!».

«Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз.

Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды», – делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91