Ол соғысты тежеуге арналған күшті соққы құралдарын көбейту қажеттігін айтты
Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Кореяның Еңбек партиясы Орталық әскери комитетінің отырысында әскери дайындықты жандандыруға шақырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Корея орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап.
«Ол Корей түбегіндегі және оның айналасындағы қазіргі жағдайды терең талдап, Корей Халық армиясының әскери дайындықтарын одан әрі күшейту туралы маңызды қорытынды жасады», - делінген хабарламада.
Ким Чен Ын мықты армия дайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ соғысты тежеуге арналған күшті соққы құралдарын көбейту және мұндай құралдарды барлық бөлімдерде жедел орналастыру бойынша жұмысқа одан әрі күш салу қажеттігін атап өтті.
Кездесу барысында армия генералы Пак Су Ир Бас штаб бастығы қызметінен босатылды. Ал оның орнына вице-маршал Ли Али Гир тағайындалды, делінген хабарламада.
«Кездесу барысында талқыланған басқа да маңызды міндеттерге 9 қыркүйекте Республиканың құрылғанына 75 жыл толуына орай шеруге дайындық қсылды», деп жазды агенттік.