Ақтөбе облысында әкімдіктер аса қауіпті аурулар өршіген аумақтарға шектеу енгізбеген

Прокурорлар ветеринария саласындағы заңсыз әрекеттерді анықтады

Sarbaz.kz редакторы
05/04/2024 - 12:16

Фото: Бас прокуратура

Фото: Бас прокуратура

Ақтөбе облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тиісінше жұмыс істемеу фактілері анықталды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, әкімдіктер аса қауіпті аурулардың өршуі болған аумақтарда шектеу іс-шараларын уақтылы енгізбеген. Бұл үшін заңмен 3 күндік мерзім белгіленген. Іс жүзінде 2 ай өткеннен кейін шектеулер енгізу жағдайларына жол берілген. Мұндай немқұрайлылық инфекциялардың таралу қаупін тудырады.

Сонымен қатар, облыс бойынша мал басы туралы нақты мәліметтер болмаған, бұл эпизоотияға қарсы іс-шаралардың сапасын жоққа шығарады.

«Ветеринариялық іс-шаралар жоспарлары оларды жүргізу қағидаларын және көршілес облыстар мен іргелес мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуалға міндетті мониторингті есепке алмай қалыптастырылады.

Облыс бойынша 18 мал қорымы қоршаулардың болуы керек жөніндегі талаптарға сәйкес келмейді, ал кейбіреулері елді мекендерден 1000 метрден аз қашықтықта орналасқан.

Өз кезегінде облыстық ветеринариялық инспекция көрсетілген бұзушылықтар бойынша тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген.

Прокурорлық қадағалау актілері негізінде инспекцияның кінәлі лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, жағдайды түзету бойынша кешенді шаралар қабылданып жтыр», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91