«ҰҚК қызметкері ретінде таныстырады»: алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болды

Алаяқтық әрекеттер туралы айтылды

Sarbaz.kz редакторы
05/04/2024 - 11:59

Фото: Shutterstock/FOTODOM

Фото: Shutterstock/FOTODOM

Қазіргі уақытта ҰҚК қызметкерлері ретінде өздерін ұсынатын телефон алаяқтарының қатысуымен орын алудағы оқиғалар жиілеп кетті. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, қаскүнемдер мақсаты негізінен ақшаны заңсыз иелену үшін қаржылық операциялар жүргізу, азаматтардан көмек сұрау туралы айтады.

«ҰҚК қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау шеңберінде азаматтарға кредит ресімдеуді, ақша қаражатын аударуды және өзге де қаржы операцияларын жасауды ұсынуға өкілеттігі жоқ.

Күдікті телефон қоңыраулары мен хабарламалар, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен кезде полиция органдарына жүгінуді ұсынамыз», - делінген ҰҚК хабарламасында.

×

Редакция

$ 522.49  547.88  5.06