Астанада іздеуде жүрген шетел азаматы қолға түсті

Ер адам алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған

Sarbaz.kz редакторы
05/04/2024 - 10:58

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Астана полицейлері іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елорда аумағында полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы Алмазар ауданы ІІБ іздестіру жұмыстарының бастамашысы.

45 жастағы ер адам алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған. Оның бұрын ұрлық және қарақшылық жасағаны үшін сотты болғаны анықталды.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадициялау мәселесі шешілуде.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91