Ауа райының жылынуы мен қардың тез еруінен су тасқыны болды
Қазақстанның 6 облысында республикалық маңызы бар 8 жолда автокөлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында (ұзындығы 398 км) қозғалыс шектелді.
«5 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруінен 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде (жалпы ұзындығы 3 280 метр) су тасқыны болды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарға 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылды», - делінген хабарламада.