Қырғызстан Қазақстанға су тасқынына байланысты гуманитарлық көмек жібереді

Су басқан аймақтардан мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді

Sarbaz.kz редакторы
04/04/2024 - 12:58

Фото:24.kg

Фото:24.kg

Қырғызстан Қазақстанға су тасқынына байланысты гуманитарлық көмек жібереді. Бұл туралы Жогорку Кенеш отырысында министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Sputnik Кыргызстан басылымына сілтеме жасап.

Ақылбек Жапаровтың айтуынша, Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі «бүгін немесе ертең» жүктерді, оның ішінде жергілікті өндірілген өнімдерді жөнелтеді.

«Бішкектегі ЖЭО-да апат болған кезде біз сұрамасақ та көрші елдер гуманитарлық көмек жіберді. Біз де қазақ халқына сұрамаса да көмек көрсетеміз. 8 сәуірде ҚР Премьер-министрі Бішкекке келеді, біз одан басқа қандай көмек көрсете алатынымызды сұраймыз», - деді Ақылбек Жапаров.

Айта кетейік, наурыз айының аяғында Қазақстанда су тасқыны болып, салдарымен күрес әлі жүріп жатыр. Кейбір ауылдарды толығымен су астында қалды, тағы екі су қоймасының бөгеті жарылып, су басқан аймақтардан мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді.

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4