Газада 196 гуманитарлық қызметкер және 350 дәрігер қаза болды

Олардың мәйіттерін елдеріне қайтару үшін Египетке жеткізілді

Sarbaz.kz редакторы
04/04/2024 - 12:19

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Газа секторында қаза болған World Central Kitchen гуманитарлық көмек ұйымының қызметкерлері күтпеген шабуылдан қаза болды. Олардың денелерін өз елдеріне қайтару үшін Египетке жеткізілді. Халықаралық құтқару комитеті Газа секторындағы үкіметтік емес ұйымдардың қауіпсіздігін сақтауға шақырады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Осы аптада Израильдің әуе шабуылы кезінде халықаралық гуманитарлық қызметкерлер қаза болды. Бұл Газа аймағы үкіметтік емес ұйымдар үшін әлемдегі ең қауіпті орынға айналғанын көрсетеді», - деді Халықаралық құтқару комитеті гуманитарлық ұйым.

Комитеттің мәлімдеуінше, қазірдің өзінде Газада 196 гуманитарлық қызметкер мен 350 медицина қызметкері қаза болды.

Дүйсенбі күні Израиль әуе күштері Газа секторына азық-түлік жеткізіп жатқан World Central Kitchen көмек қызметкерлерін нысанаға алып, түрлі елдерден келген кемінде жеті адамды өлтірді. Олардың мәйіттерін елдеріне қайтару үшін Египетке жеткізілді.

«Президент Байденнің Газа секторындағы гуманитарлық қызметкерлердің өліміне жүрегі ауырды. Ол атысты тоқтату және кепілге алынғандарды қайтару туралы келісім бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды деп санайды», - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер.

Испания премьер-министрі Педро Санчес әуе шабуылы мен гуманитарлық қызметкерлердің қазасынан кейін Израильдің жасаған мәлімдемелерін сынға алды. Ол не болғанын егжей-тегжейлі түсіндіруді талап етті. Айтуынша, Израиль билігі испаниялық аспаз негізін қалаған World Central Kitchen үкіметтік емес ұйымының Газадағы қызметі мен бағыты туралы нақты білген.

Израиль қорғаныс министрі Бенни Ганц сәрсенбі күні Нетаньяхуды қыркүйекте мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуге шақырды. Оның айтуынша, бұл израильдіктердің билікке деген сенімін қалпына келтіру үшін қажет.

Газадағы соғысқа байланысты Израиль қоғамы екіге бөлініп, наразылық артып келеді. Ал ХАМАС тарапы кепілге алғандардың барлығы қайтарылған жоқ.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91