Іздеуде жүрген екі қазақстандық Түркияда ұсталды – ҰҚК

Олар аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасын ұйымдастырған

Sarbaz.kz редакторы
04/04/2024 - 11:59

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Іздеуде жүрген екі қазақстандық Түркияда қолға түсіп, Қазақстанға жеткізілді. Бұл туралы Sarbaz.kz ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесе, іздеуде жүрген екі Қазақстанның азаматын ұстады және 2024 жылғы 3 сәуірде Стамбул қаласынан Алматы қаласына этаппен жіберілді.

«Олар аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасын, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басшылық жасады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91