Әскери қызметші Эверестке шығатын экспедицияны бастап барады

Альпинистер Эверестке көтеріліп, Қазақстанның Мемлекеттік туын тігуді мақсат етіп отыр

Sarbaz.kz редакторы
04/04/2024 - 11:22

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметшісі Эверестке шығатын экспедицияны басқарады. Kazakh Everest Team қазақстандық спорттық-патриоттық экспедициясы осы жылдың 6 сәуірінде басталады. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шыңға шығу Ұлы Отан соғысының батырлары Сағадат Нұрмағамбетовке, Рахымжан Қошқарбаевқа және Әлия Молдағұловаға арналады.

Экспедицияны белгілі қазақстандық альпинист, ҚР Қарулы күштері Тау даярлығы орталығының нұсқаушысы майор Мақсұт Жұмаев басқарады. Kazakh Everest Team құрамында жеті адам, оның ішінде скайраннер-спортшы Анар Бурашева бар.

«Әлемнің шыңына» шығуда оған нәзік жандылардың қатысуы үнемі айтарлықтай қызығушылық тудырады. Альпинистер Эверестке көтеріліп, Қазақстанның Мемлекеттік туын тігуді мақсат етіп отыр.

– Біз ел тарихының жаңа беттерін жазып қана қоймай, спортшылардың жас буынын шабыттандыруымыз керек, – деді Мақсұт Жұмаев. – Мен тіпті экстремалды спорт түрлерінде де гендерлік теңдік идеясын қолдаймын. Егер қазіргі заманғы қыздардың ең биік шыңдарды ер адамдармен тең дәрежеде бағындыруға дайындығы мен күші болса, онда біз оларға бұл қадамды жасауға көмектесуіміз керек.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85