Тараз әкімдігі орындалмаған жұмыс үшін мердігер компанияға 75 млн теңге төлеген

Іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігіне тапсырылды

Sarbaz.kz редакторы
04/04/2024 - 10:40

Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

Жамбыл облысында прокурорлар жасалмаған жұмыс үшін бюджеттен қаражаттың төлену дерегін анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тараз қаласының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуы заңдылығына жүргізген тексерудің нәтижесінде Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен әзірленбеген 4 сметалық құжаттама үшін 75 млн теңгені негізсіз мердігерге аударғанын анықтады.

«Аталған дерек бойынша қала прокуратурасы ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу) қылмыстық іс тіркеді.

Тергеп-тексеруді жүргізу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды.

Тергеу амалдары жүргізілуде, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91