Ол 2021-2022 жылдары «ҚазАвтоЖол» компаниясының басқарма төрағасы болған
Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Мұратұлы ұсталды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
«ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды», - делінген хабарламада.
Асқар Мұратұлы 1976 жылы дүниеге келген. Абай облысының тумасы. Шығыс Қазақстан техникалық университетін (инженер-экономист) және Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін (инженер) тәмамдаған.