Бишімбаевтың Нүкенованы соққыға жыққан сәттері көрсетілді

Оқиға 9 қараша күні шамамен таңғы 7:18-де болған

Sarbaz.kz редакторы
03/04/2024 - 17:54

Фото: Жоғарғы соттың тікелей эфирінен скриншот

Фото: Жоғарғы соттың тікелей эфирінен скриншот

Бишімбаевқа қатысты сот отырысында Салтанат Нүкенованың соққыға жығылған сәті түсірілген кадрлар көрсетілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«BAU» мейрамханасында түсірілген видеода Бишімбаевтың Нүкенованы еденге құлатып, бес рет тепкені, содан кейін бетіне бірнеше рет қатты соққы жасағаны анық көрінеді. Содан кейін ол оны шашынан сүйреп, камерасы жоқ VIP бөлмесіне апарады. Видеода 9 қараша, шамамен таңғы 7:18 уақыты көрсетілген.

Дәретханада ұрып-соққаннан кейін олар гастро орталықтан кеткісі келген, бірақ қайтып оралған. Сосын, сотталушының айтуынша, Салтанат оны тағы балағаттапты. Ол оның шашынан ұстап, төрт рет шапалақпен ұрып, жамбасынан бірнеше рет тепті. Бишімбаев Салтанаттың өмірлік маңызды мүшелеріне соқпағанын алға тартады.

×

Редакция

$ 467.29  501.03  5.35