ШҚО-да орман аумағына заңсыз құрылыс жүргізілген

Ұзақ мерзімді орман пайдаланудың 13 шарты бұзылды

Sarbaz.kz редакторы
03/04/2024 - 17:25

Көрнекі фото: James O'Neil / Getty Images

Көрнекі фото: James O'Neil / Getty Images

ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мемлекетке орман қорының 169,7 гектар мемлекеттік жерін қайтарды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Өскемен орман шаруашылығы» КММ қызметінде тексеру нәтижелері бойынша, орман пайдаланушысы «Қазақстан Бипэк Авто» АҚ жалпы ауданы 150,7 га орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының талаптары бөлігінде орман пайдалану қағидаларын жүйелі түрде бұзғанын анықтады.

«Уәкілетті органның келісімінсіз алаңы 19 га құрайтын учаскелерде құрылыстар салынған.

Орман пайдаланушы өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтамаған, өртке қарсы іс-шараларды уақтылы орындамаған, сондай-ақ, шаруашылық қызметін орман билетінсіз жүргізген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, сот шешімімен ауданы 169,7 га мемлекеттік орман қорының жер учаскелеріне ұзақ мерзімді орман пайдаланудың 13 шарты бұзылды.

Сот актісі заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91