Павлодар облысында құны 2,4 млрд теңге болатын жер жеке тұлғаға заңсыз берілген

1,8 мың га сот тәртібімен қайтарылды

Sarbaz.kz редакторы
03/04/2024 - 16:27

Фото: Павлодар облысының прокуратурасы

Фото: Павлодар облысының прокуратурасы

Павлодар ауданының прокуратурасы жер қатынастары бөлімін тексеру барысында жеке тұлғаға халықтың мұқтаждығына арналған жер учаскесін заңсыз беру фактісін анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қадағалау актісі бойынша жер сот тәртібімен қайтарылды.

«Мал жаюға арналған учаске ауданы 1,8 мың га Шақат ауылдық округінде орналасқан, оның кадастрлық құны шамамен 2,4 млрд теңгені құрайды.

Қабылданған шаралармен 1 500 ауыл тұрғынының жер құқығы қалпына келтірілді», - делінген хабарламада.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4