«Bek Air» ұшағына қатысты тергеу аяқталды

«Bek Air» ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында апатқа ұшыраған

Sarbaz.kz редакторы
03/04/2024 - 15:06

Фото: Бас көлік прокуратурасы

Фото: Бас көлік прокуратурасы

«Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталды. Бұл туралы Sarbaz.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, процесс прокурормен келісе отырып, Алматы әуежайында 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған «Fokker-100» «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырау фактісі туралы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің аяқталғанын хабарлады.

«4 мыңнан астам тергеу әрекеті (2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу), 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілді.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және т.б. шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды.

Қазіргі уақытта процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2019 жылғы 27 желтоқсан күні Bek Air әуе компаниясының Алматы-Астана бағыты бойынша Z9 2100 нөмірлі рейсін орындайтын Fokker-100 ұшағы Алматы қаласы маңында апатқа ұшыраған. Соңғы деректерге сәйкес ұшақ бортында 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Апаттан 12 жолаушы көз жұмғаны анықталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4