Ауылға қатынайтын көпірді су шайып кеткен
Аягөз гарнизонының әскери инженерлері су тасқынынан кейін үзілген Боран және Жиделі елді мекендерімен жол қатынасын қалпына келтіру үшін өзен арқылы 30 метрлік ТММ-3 көпірін орнатты. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жергілікті тұрғындарға табиғи апаттың зардаптарын еңсеруге көмектесіп қана қоймай, өздерінің кәсіби дағдылары мен машықтарын жетілдіруде.
«Ауылымызға қатынайтын автокөлік жолын су шайып кетті. Осыған байланысты әскери қызметшілер арнайы техникамен келіп, бізге көпір қойып беріп жатыр», - дейді Жиделі ауылының тұрғыны Бақытбек Қарсақбаев.