Шымкентте ер адам жалдамалы пәтерде есірткі өсірген

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 келіден асады

Sarbaz.kz редакторы
03/04/2024 - 14:48

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Шымкентте полиция екі фитозертхананы жойды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа карсы күрес басқармасы арнайы іс-шаралар барысында 37 жастағы тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Touareg автокөлігін ұстады. Көлік ішінде марихуана салынған 2 пластик сыйымдылығы табылды. Азаматтың жалдаған пәтерін тексеру кезінде фитозертхана анықталды.

Арнайы желдету жүйесі, диодты шамдар, ылғалдылықты өлшеу құралдары, термометр және автоматты суарумен жабдықталған бөлмеде ер адам қарасора өсірген. Дәл осындай зертхана ер адамның сыныптасының үйінде де анықталды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 келіден асады. Оның ішінде қарасора бұталары мен көшеттері және 15 бір литрлік сиымдылықтарға салынған марихуана бар.

Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53