Қырғызстан Ресейдің санкцияларды айналып өтуіне көмектесіп жатыр ма: Жапаров жауап берді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа АҚШ сенаторы хат жолдады

Ұлас Үсенбай
10/08/2023 - 16:35

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров АҚШ сенаторы Роберт Менендестің хатын Қырғызстанға қысым жасау және оны өз жағына тарту әрекеті деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қырғыз басылымы Economist.kg сайтына сілтеме жасап. 

Ел Президенті Садыр Жапаров бұған жауап ретінде Қырғызстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектеседі деп ойлауға негіз де себепте жоқ екенін айтты.  

«Ресей мен Қытай кішкентай Қырғызстанға тәуелді емес. Бұл елдер көршілер. Олардың арасында 4 мың шақырым ортақ шекара бар. Егер Ресей қаласа, онда ол кез-келген тауарды теңіз арқылы вагондармен немесе баржалармен әкеле алады», - деді Жапаров.

Сонымен қатар, Жапаров Ресей мен Украина мәселесінде Қырғызстанның бейтарап ұстанымды ұстанатынын және Менендестің хатын Қырғызстанға қысым жасау әрекеті деп сипаттағанын мәлімдеді.

«Менің атыма көптеген көрнекті саясаткерлердің хаттары келеді. Мен мұны Қырғызстанға қысым көрсетудің және бізді өз жағына тартудың әдеттегі себебі деп санаймын. Бірақ біз бұған жол бермейміз. Біз тәуелсіз елміз. Біз  барлық елдермен тең қарым-қатынаста боламыз. Біз көпвекторлы сыртқы саясатты ұстанамыз», - деді президент Жапаров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сенаттың халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы, АҚШ сенаторы Роберт Менендес Жапаровқа хат жолдаған болатын. Хабарлама Қырғызстан Ресейге немесе оның өкілдеріне салынған халықаралық санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатыр деген айыптауларға негізделіп жіберілген. Төраға мұндай айыптаулар демократиялық қағидаттардан ауытқудың кең тараған тенденциясы жағдайында болғанын атай отырып, Қырғызстан президентін бағытты өзгерту үшін шаралар қабылдауға шақырды.

АҚШ Қырғызстанға қандай санкциялар енгізді?

20 шілдеде АҚШ Ресей Федерациясына электронды компоненттер мен басқа технологияларды экспорттағанын және осы тауарлардың бір бөлігін Ресейдің қорғаныс секторы қолданғанын айтып, төрт қырғыз компаниясына қарсы санкциялар енгізді. Бұған жауап ретінде Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғыз мемлекеті де, қандай да бір мемлекеттік құрылымдар мен компаниялар да Ресейге санкцияланған өнімдерді жеткізумен айналыспайтынын айтып, осы бойынша тергеу жүргізуге уәде берді.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41