Күдікті ер адамның ісі сотқа жолданды
Түркістан облысының полициясы азаматтарға 19 млн теңге шығын келтірген алаяқтың ісін сотқа жолдады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 59 жастағы ер адамды ұстады.
Анықталғандай, күдікті тұрғындардың сеніміне кіріп, кәсіппен айналысу үшін қолма-қол несие шығарып беремін деп алдын ала ақшаларын алған. Ол осындай жалған уәде беріп, 27 тұрғынды алдап үлгерген. Жәбірленушілерден 200 мың мен 1,5 миллион теңге көлемінде ақша алып, жалпы 19 миллион теңге шығын келтірген.
Күдікті ер адамның ісі сотқа жолданды.