Сотталғандарды азаптаған: Ұлттық ұлан қызметкерлерінің үстінен іс қозғалды

Қылмыстық іс сотқа жолданды

Sarbaz.kz редакторы
03/04/2024 - 10:58

Фото: acca.media

Фото: acca.media

Ұлытау облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекеме және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің қызметкерлеріне қатысты азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Sarbaz.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, мекеменің 7 және Әскери бөлімнің 4, жалпы 11 қызметкері №62 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 сотталғанды кемсіту және сол мекемеде жазасын өтеп жатқан басқа да сотталғандарды қорқыту мақсатында күш қолдану арқылы оларды азаптағаны анықталды.

«Лауазымды тұлғалар өздерінің жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарын құқық қорғау органдарынан жасыру мақсатында сотталғандарды мекеме және әскери бөлім қызметкерлеріне бағынбаушылық жасағаны туралы жоғары тұрған басшыларына баяндаған.

Тергеу барысында күдіктілерге бұлтартпау шаралары қолданылып, тергеу сотымен олар лауазымдарынан уақытша шеттетілді.

26.03.2024 ж. қылмыстық іс сотқа жолданды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық  жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін  әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91