Оның құны 1,3 млрд теңгеден асады
Қырғыз Республикасынан құны 1,3 млрд теңгеден асатын екі вагон темекі өнімдерін жөнелтпе құжатсыз және ЕБМ-сіз әкелуге әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті тергеп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік кірістер органдарының есептеулері бойынша акциздің бюджетке төленуі тиіс сомасы 585 млн теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары, тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, оның нәтижелерi бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.