Инвестиция көлемі 5 млрд теңгеден асады
Елордада инвестор бір жылдан астам нысанды электр желілеріне қоса алмаған. Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы Sarbaz.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, «ORBIS CLINIC» ЖШС инвесторы клиникалық диагностикалық орталықтың құрылысын жүзеге асыруда, инвестиция көлемі 5 млрд теңгеден асады.
«Жоба 50 жұмыс орны мен науқастарды ауруханаға орналастыру үшін 150 төсек орнын қоюға мүмкіндік береді.
Алайда инвестор бір жылдан астам құрылыс нысанын электр желілеріне қоса алмаған. Фронт-офис аясында прокурорлар әкімдікті ағымдағы жағдайды шешуге бағыттап, жұмыс кеңесі өтті. Нәтижесінде инвесторға тиісті техникалық шарттар беріліп, жобаны жүзеге асыру жалғасты.
стеріңізге сала кетейік, проблемалық сұрақтар туындаған жағдайда инвесторлар бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа 8-747-216-15-58 телефоны арқылы хабарласа алады», - делінген хабарламада.