Қызылордада полицияға жалған хабарлама берген адам 3 жылға сотталды

Ол туыстарына ызаланып, масаң күйде хабарлама берген

Sarbaz.kz редакторы
02/04/2024 - 15:45

Фото: top-news.kz

Фото: top-news.kz

Полицияға жалған хабарлама берген қызылордалық қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда қаласының тұрғыны телефон арқылы өзінің үйінің жанында жарылғыш зат жатқаны жөнінде полицияға хабарлаған. Аталған мекенжайда жару-техник мамандарымен тексеріс жүргізілді, онда жарылғыш зат анықталған жоқ.

Қызылорда облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалған хабарлама берген 38 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны анықталып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында жалған хабарлама берген азамат өзінің туыстарына ызаланып, масаң күйде хабарлама бергені белгілі болды.

Қызылорда қалалық сотының үкімімен жалған хабарлама берген азаматқа 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91