Өскеменде құдыққа құлап кеткен әйел адам құтқарылды

Оқыс оқиға Қабанбай батыр мен Новаторлар көшелерінің қиылысында болған

Sarbaz.kz редакторы
10/08/2023 - 15:42

Өскеменде құдыққа құлап кеткен әйел адам ТЖД мамандарының көмегімен құтқарылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар Өскеменде құдыққа құлап кеткен әйелге көмектесті.

«Оқыс оқиға Қабанбай батыр мен Новаторлар көшелерінің қиылысында болған. 51 жастағы әйел серуендеп жүрген кезде құдықты байқамай құлап кеткен. Жанындағы ер адам бірден ТЖД қызметкерлеріне қоңырау шалып, көмек сұрады», - делінген ақпаратта.

Сол жерге жедел жеткен департаменттің мамандандырылған жасақ қызметкерлері арнайы құтқару жабдығымен әйелді тереңдігі шамамен 5 метрдей болатын кәріз люгінен шығарып алды. Содан кейін оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Осы ретте, құтқарушылар қандай да бір қиындыққа тап болған тұрғындарға «112» нөмірі бойынша хабарласу керектігін еске салды.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4