Абай облысында аудан әкімдігі 714 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған

Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігі конкурсының күші жойылды

Sarbaz.kz редакторы
02/04/2024 - 12:50

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Абай облысы Жарма ауданының прокуратурасы жалпы сомасы 714 млн теңгені құрайтын, жолды орташа жөндеу бойынша 2 жылдық конкурстың күшін жойды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оған бір жылдан астам мерзімге шарт жасасу негіздері көрсетілген «Мемлекеттік сатып алу туралы»  заңының талаптарын бұзуы негіз болды.

«Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту қаржылық тұрақтылық көрсеткішіне негізделген әлеуетті өнім берушінің қатысуын шектеген.

Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігі конкурсының күші жойылды. Қазыргі уақытта конкурс құжаттарын 1 қаржы жылына жариялау үшін Заң талаптарына сәйкестендірілуде.

Бизнестік кедергіні жою кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтті», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91