Су тасқыны: 5 облыста 410 шақырым болатын 6 жол жабылды

Бірінші кезекте апатты көпірлер жөнделеді

Sarbaz.kz редакторы
02/04/2024 - 11:33

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев су тасқыны қауіпті учаскелер туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Су тасқыны кезеңі басталғалы республикалық маңызы бар жолдарда 66 су тасу оқиғасы тіркелді. 5 облыста ұзындығы 980 метр болатын 5 жолда су тасқыны орын алып, осыған байланысты ұзындығы 410 шақырымды құрайтын 6 жолда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді. Су басу қаупі бар аумақтар мен жол құрылыстарына тәулік бойы мониторинг жүргізілуде», — деді Көлік министрі Марат Қарабаев.

Су тасқыны қауіпті учаскелердің санын азайту үшін автожолдарды қайта жаңарту және жөндеу шеңберінде жасанды құрылыстарды қосымша орнату; су өткізгіш құбырлардың диаметрлерін және олардың санын ұлғайту; жер төсемі үйіндісінің биіктігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірінші кезекте апатты көпірлер жөнделеді.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04