Тегеран Израильдің Дамаскідегі Иран елшілігіне жасаған соққысына жауап беретінін айтты

Соңғы мәліметтер бойынша, 11 адам қаза тапты

Sarbaz.kz редакторы
02/04/2024 - 11:20

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Тегеран Израильдің Дамаскідегі Иран елшілігіне жасаған соққысына жауап береді. Бұл туралы Иранның Сириядағы елшісі Хосейн Акбари мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Хосейн Акбаридің өзі және оның отбасы Израиль соққысынан зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Иранның «Нур» ақпарат агенттігі. Соңғы мәліметтер бойынша, 11 адам қаза тапты. Ислам революциясы Сақшылар корпусының қаза тапқандары арасында екі генералы мен бес офицері бар екенін расталды.

Қаза болғандар туралы мәліметті Лондонда орналасқан, бірақ Сирияда ақпарат көздерінің үлкен желісі бар адам құқықтарын бақылау орталығы (OSDH) растады. Мәліметке сәйкес, Израильдің Иран елшілігіне жасаған соққылары нәтижесінде сегіз ирандық, екі сириялықтан бөлек, бір ливандық қаза тапты, «олардың арасында бейбіт тұрғындар болған жоқ» деді орталық басшысы.

Иранның сыртқы істер министрі халықаралық қауымдастықтарды соққыларға «лайықты жауап» қайтаруға шақырды. Тегеран бұл шабуылды «барлық халықаралық міндеттемелер мен конвенцияларды бұзу» деп бағалады. Ал Израиль мен IDF (Израиль әскері) түсініктеме беруден бас тартты.

Сейсенбіге қараған түні 200-ге жуық шеруші Тегерандағы бұрынғы Израиль елшілігінің қасында, Палестина алаңында жиналып, Израильдің Дамаскіге жасаған әуе шабуылында қаза тапқандар үшін кек алуға шақырды.

Сонымен қатар, сейсенбіге қараған түні әскери дрон Эйлат қаласындағы әскери-теңіз базасына шабуыл жасамақ болды.

IDF баспасөз хатшысы Даниел Хагари бұл әскери дрон «Иранда шығарылғанын» және шабуылдың артында Тегеранның өзі тұрғанын айтты.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91