Израиль Газа секторындағы ірі аурухана кешенінен әскерін шығарды

Израиль армиясының хабарлауынша, 200-ден астам адам өлтірілген

Sarbaz.kz редакторы
02/04/2024 - 10:35

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Израиль әскері Газа секторындағы Аш-Шифа ауруханасына жасалған рейдтің нәтижесін хабарлады. Әскери шенеуніктердің айтуынша, операция кезінде 200-ден астам содыр өлтірілген. Жүздеген күдікті қамауға алынды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль Газадағы ең үлкен Аш-Шифа ауруханасына рейд жүргізіп, екі аптадан кейін әскерін шығарды. Израиль армиясының хабарлауынша, операция кезінде 200-ден астам адам өлтірілген. 900-ге жуық күдікті ұсталды, олардың 500-ден астамы лаңкес деп танылды.

Израиль әскерінің мәліметінше, аурухана ғимаратынан миномет, жарылғыш құрылғылар, снайперлер, пулемет, тапанша және өзге де әскери техникалар табылды.

Жексенбі күні Израиль әскерилері Дейр әл-Балахтағы әл-Ақса ауруханасының ауласына соққы берді. IDF мәліметінше, «Исламдық жиһад» командалық пунктін нысанаға алған. Британиялық БАҚ зардап шеккендер арасында штаттан тыс журналист бар деп хабарлады.

«Бұл өте қиын. Журналистердің көпшілігі айналамызда жүр. Оларға арнап «Әл-Жазира» шатыры тігілген. Бұл азаматтық аймақтағы журналистердің аймағы. Олардың көпшілігі лагерьде жұмыс істеп, сол жерде тұрады», - деді жергілікті тұрғындардың бірі.

Аймақтық БАҚ Дейр әл-Балахтағы әуе соққысынан кемінде төрт адамның қаза тапқанын хабарлады. IDF мәліметінше, олардың барлығы содырлар болған. Он алты адам зардап шекті.

Палестина анклавындағы бейбіт тұрғындар тек соғыстан ғана емес, сонымен бірге ашаршылықтан да қиналып жатыр. Гуманитарлық жүк тиеген Open Arms кемесі Газа секторының жағалауына жақындап келеді. Бортта мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында дәстүрлі түрде пайдаланатын күріш, макарон, ұн, бұршақ, көкөніс консервілері мен құрма бар.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91