Бюджет қаражатын жымқырған: бас бухгалтер мен директордың орынбасары сотталды

Мемлекетке 11 млн теңге көлемінде залал келтірілді

Sarbaz.kz редакторы
02/04/2024 - 10:26

Фото: gamn.org

Фото: gamn.org

Алматыда бас бухгалтер мен директордың орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы Sarbaz.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алмалы ауданының прокуратурасы мектептердің бірін тексеру барысында негізсіз жалақы есептеу жолымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

«2019 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңде мемлекеттік қаражатты жымқыру мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бас бухгалтер және директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары мемлекеттік бюджеттен төлемдерді негізсіз төледі.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 11 млн теңге көлемінде залал келтірілді.

Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді», - деп жазады қалалық прокуратура.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91