Ол Қазақстанға 2014 жылы келген
10 жыл бұрын жоғалып кеткен шетелдік Астанадан табылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында әйел жеке басын анықтау үшін полицияға жеткізілді. Оның Қырғызстанның тумасы екені анықталды. 2014 жылы Қазақстанға келген. Туыстарымен, достарымен байланысын үзген.
Елордалық полицейлер Қырғызстан елшілігімен бірлесе отырып, әпкесінің аты-жөнін анықтаған інісін тапты.