Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады

Ол өз сөзінде болған істі жақсы түсінетінін айтып өтті

Sarbaz.kz редакторы
01/04/2024 - 12:28

Фото: Youtube / Tengri TV/ Видеодан скриншот

Фото: Youtube / Tengri TV/ Видеодан скриншот

Экс-министр Қуандық Бишімбаев сот отырысында Салтанат Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Шынымды айтсам, бірнәрсе айтуым қиындау. Ең бірінші ешнәрседен дәметпей, кешірім сұрағым келеді. Бұл – менің адамдық борышым. Мына жерде жәбірленушілер, оның туыстары, ата-анасы, оны жақсы көретін адамдар отыр. Шынымды айтсам, бастапқыда оның өлімін ой-санамнан өткізу қиын болды», - дейді Бишімбаев.

Ол өз сөзінде болған істі жақсы түсінетінін айтып өтті.

«Кешірім сұрағым келеді. Мен ешқандай кешірімнен үміттенбеймін. Бұл – менің ішкі міндетім, жан-дүниемнің үндеуі. Мен бұл істің салмағын жақсы сезінемін және оған қатысым бар екенін түсінемін. Бірінші міне осыны айтқым келеді», - деді Қуандық Бишімбаев.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91