Елордалық өрт сөндірушілер 5 адамды тілсіз жаудан құтқарып қалды

150 адам эвакуацияланды

Sarbaz.kz редакторы
09/08/2023 - 22:36

9 тамызда сағат 13:54-те Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Ақан сері көшесіндегі паркингте автокөліктің жанып жатқандығы туралы кезекті шақыруға шықты. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 6 минуттан соң тұрғын үй кешенінің паркингінде Range Rover маркалы автомобиль жанып, қатты түтін пайда болғаны анықталды.

Өрт сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілер 5 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарып қалды. Сол сияқты 150 адам эвакуацияланды, оның ішінде 30 бала бар.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілердің күшімен қызыл жалын сағат 14:40-та сөндірілді.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07