Бишімбаев ісі: судья Салтанат Нүкенованың туыстарына ескерту жасады

Әлеуметтік желіде пікір білдіруден бас тартуды сұрады

Sarbaz.kz редакторы
01/04/2024 - 11:44

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында судья екі тарапқа да ескерту жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Кезекті сот отырысының басында судья жәбірленушілер мен қорғаушыларға әлеуметтік желіде пікір білдіруден бас тартуды сұрады.

«Әлеуметтік желіде сот процесінің өтуіне қатысты жеке пікірлер жарияланды. Бұл мән-жайлар сот ісін жүргізуге кедергі келтіреді және алқабилер арасында теріс пікір тудыруы мүмкін. Процеске қатысушылардың барлығынан қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын сақтауды және процестің өтуі туралы өз пікірін әлеуметтік желіде емес, сот талқылауы аясында білдіруді сұраймын», - деді судья.

Сондай-ақ, сот куәгерлерді сот залында жауап алу үшін мінберді жылжыту туралы өтінішті қанағаттандырды.

Бүгінгі сот отырысында экс-министр Бишімбаевтан жауап алынады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91