Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды
Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында мас адам 26 жастағы құтқарушыға екі рет пышақ сұққан. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға кешкі уақытта болған. Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді.
«Науқас дәрігерлердің бақылауында. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ведомство хабарламасында.