Германия марихуананы ресми түрде заңдастырды

Қарасораны қоғамдық орындарда да шегуге болады

Sarbaz.kz редакторы
01/04/2024 - 10:28

Фото: Katerina Solovyeva/Zoonar/picture alliance

Фото: Katerina Solovyeva/Zoonar/picture alliance

Германияда каннабис шөптерін пайдалануға заң жүзінде рұқсат берілді. Енді каннабис Германияның есірткі туралы заңындағы тыйым салынған заттар тізімінен алынып тасталады. Оны белгілі бір мөлшерде сақтауға және өсіруге рұқсат етіледі. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кәмелет жасқа толғандарға өзімен бірге 25 грамм каннабис – не марихуана, не таза күйінде гашиш алып жүре алады немесе үйінде 50 грамға дейін сақтауына рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, жеке бақшада пайдалану үшін үш каннабис бұтасына дейін өсіруге рұқсат етіледі. Ол үшін алдымен басқа бағбандармен «каннабис әуесқойлары клубына» бірігіп, жергілікті биліктен қарасораны өсіру және сақтау бойынша рұқсат алу керек. Бұл клубтар пайда табуға арналмаған, олар серіктестік немесе кооперативтік принцип бойынша ұйымдастырылады. Яғни, мұндай одақтың мүшелері өзара каннабис немесе гашиш сатып алады – бір клуб мүшесіне айына ең көбі 50 грамм.

Қарасораны қоғамдық орындарда да шегуге болады. Бірақ мектептерге, балабақшаларға, ойын алаңдарына, жастар және спорт мекемелеріне 200 метр радиус аумағында пайдалануға тыйым салынады. Сол сияқты көлік жүргізу кезінде де марихуананы пайдалануға тыйым салынады.

Ал теріс мақсатта пайдаланылғаны үшін түрмеге қамау да қарастырылған. Бақшасынан 25 грамнан астам марихуана немесе 3-тен көп қарасора бұталары табылған жағдайда үш жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылады немесе айыппұл төлейді. Ерекше ауыр жағдайларда, яғни «артық» есірткінің заңсыз айналымы фактісі дәлелденсе, бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал бұрын осы әрекет үшін сотталған адамдар жаңа заң арқылы ақталып шығуы мүмкін.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91