Франция: Украинаға жүздеген бронетранспортер мен зениттік зымыран беріледі

Админ
31/03/2024 - 12:49

Себастьен Лекорню (Фото: Gonzalo Fuentes / Reuters)

Себастьен Лекорню (Фото: Gonzalo Fuentes / Reuters)

Франция Қорғаныс министрі Себастьян Лекорню Париждің Украинаға дайындап жатқан әскери көмек пакеті туралы айтты, деп хабарлайды ВВС сайты.

Министрдің айтуынша, Киев «жүздеген» бронетранспортер алады. Франция армиясы қазіргі уақытта VAB (Жетілдірілген бронетранспортерлер) бронетранспортерлерін жаңа Griffon-дарға ауыстырып жатыр.

VAB-тың қолданыстағы уақыты 40 жылдан асып кетсе де, бұл ескі көліктер әлі де жұмыс істейді. Біз 2024 жылы және 2025 жылдың басында жүздеген техника туралы айтып жатырмыз, – деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, Лекорню франицялық SAMP/T әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері үшін Aster 30 зымырандарын көбірек жеткізуге уәде берді.

Франция президенті Эммануэль Макрон соңғы апталарда Ресейдің жеңіске жетуіне жол берілмейтінін бірнеше рет айтты.

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4