Су тасқыны кезінде 10 мыңнан астам адам құтқарылды

Оның ішінде 5 101 бала құтқарылып, эвакуацияланды

Админ
31/03/2024 - 10:11

ТЖМ

ТЖМ

ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 3,5 млн астам м3еріген қар суы сорылды, 288 мыңнан астам қапшық және 44,7 тонна инертті материал төселді, деп хабарлайды Sarbaz.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 6000-нан астам адам, 2000-ға жуық бірлік техника, 644 бірлік су айдау құралдары және 61 бірлік жүзу құралдары, 12 әуе кемесі ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, ҰҰ, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.

«Жедел желі» телефондарына 527 қоңырау келіп түсті, ТЖМ-де республикалық жедел штаб және Ақтөбе, Абай, Алматы, Ақмола, Атырау, БҚО, ШҚО, СҚО, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау және Павлодар облыстарында  облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.

Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ұлытау және Абай облыстарында 10 587 адам, оның ішінде 5 101 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Абай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 5 497 адам, оның ішінде 1 739 бала орналастырылды. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 747 адам, оның ішінде 261 бала эвакуацияланды.

29 автожолдардың шайылуы, оның ішінде 4 көпір және 26 жол төсемі бақылауда.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85