Мәскеудегі теракт: Тәжікстан өз еліндегі адамдарды ұстай бастады

Ұсталғандар «Крокус Сити Холлда» лаңкестік әрекетті орындаушылармен байланыста болды деп күдіктелуде

Админ
30/03/2024 - 12:17

DW/G. Faskhutdinow

DW/G. Faskhutdinow

Тәжікстанда ДАИШ-К террористік тобымен («Хорасан уәлаяты») және Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холл» концерт залында террористік актіні орындаушылармен байланыста болды деп күдіктелген 9 жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды dw.com сайты.

Мәліметке сәйкес, ұстаулар 25 наурызда Вахдат қаласында өткізілген. Содан кейін күдіктілер Душанбеге жеткізілген. Жедел іс-шараларға Тәжікстанға келген ресейлік қауіпсіздік күштері қатысты. Басқа мәліметтер жоқ.

Бұған дейін Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Крокустағы істі тергеу аясында 11 адам, оның ішінде 4 тікелей орындаушы ұсталғанын хабарлаған еді.

Айыпталушылар: Тәжікстан азаматтары Далерджон Мирзоев, Саидакрами Муродали Рачабализода, Шамсиддин Фаридуни и Мұхаммадсобир Файзов. Басман соты оларды 22 мамырға дейін қамауға алды.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94