Іс-шара адамдар көп жиналатын объектілерде өтеді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2024 жылғы 29-30 наурызда Астанада адамдар көп жиналатын объектілерде терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Іс-шара шеңберінде ҰҚК арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің дағдылары мен тактикалық іс-қимылдарын қалалық жағдайларда пысықтау көзделеді.