«Семіз қабан»: Нүкенованың бауыры Бишімбаев туралы айтты

Келесі сот отырысы 1 сәуір күні сағат 10:00-ге тағайындалды

Sarbaz.kz редакторы
29/03/2024 - 17:12

Фото: КТК

Фото: КТК

Экс-министрдің адвокаты Назкен Құсайынова жәбірленуші тарап – Айтбек Амангелдіден Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаевтың қарым-қатынасына қатысты сұрақтар қойды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Салтанат пен Айтбектің хат алмасуларына қарағанда, Бишімбаев Салтанатты қызғанып, онымен бірге болмайтын. Амангелдінің айтуынша, әпкесі Бишімбаевтың туыстарымен және оның бұрынғы некедегі балаларымен жақсы қарым-қатынаста болған.

Адвокат өз сөзінде Айтбектің бір хатында «Мен әкем сияқты маньякпын» деп неліктен айтқанын сұрады, оған Нүкенованың бауыры әкесі сияқты «отбасына фанаттық деңгейде берілгендігі» мағынасында «маньяк» деп түсіндірді.

2023 жылдың наурыз айында ұрып-соғу себебін түсіндіру туралы сұрағына Айтбек былай деп жауап берді:

«Маған ешқандай себепті түсінудің қажеті жоқ. Себебі, басқа адамға физикалық зиян келтіруге болатын ешқандай себеп жоқ. Оның үстіне физикалық күшті, екі есе үлкен, семіз қабан болсаң», – дейді Айтбек Амангелді.

Сот отырысының тәртібі бұзылғандықтан бұл жауапқа адвокат та, судья да қанағаттанбады.

Нүкенованың бауыры Бишімбаев туралы о бастан теріс ойда болмағанын айтты. Ал оның Бишімбаевқа деген көзқарасы әпкесін наурыз айында соққыға жыққаннан кейін өзгерген. Осыдан кейін ол әпкесін онымен қарым-қатынасын үзуге көндіріпті, бірақ оны мәжбүрлей алмаған.

Келесі сот отырысы 1 сәуір күні сағат 10:00-ге тағайындалды. Істің барысын Sarbaz.kz бақылауда ұстайтын болады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91