Таразда оқушылар тасымалданатын автобустарда қауіпсіздік сақталмаған

Жүргізушілер рейс алдында медициналық тексеруден өтпеген

Sarbaz.kz редакторы
29/03/2024 - 17:29

Фото: Tengrinews.kz

Фото: Tengrinews.kz

Тараз қаласының прокуратурасы қала мектептерінде балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізді. Нәтижесінде қала мектептеріндегі 19 автобустың 10-ы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерінің талаптарына сәйкес келмеген. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жүргізушілер рейс алдында медициналық тексеруден өтпеген, автобустарда медициналық қобдишалар, өрт сөндіргіштер, «Балаларды тасымалдау» белгілері болмаған.

Автобустарда тасымалданатын балалардың жалпы саны отыруға арналған орындардың санынан асқан.

Балалардың қауіпсіздігіне қатер төндіре отырып, жүргізуші тасымалдауды жүргізуші куәлігінің тиісті санаты болмай, сақтандыру полисінсіз және техникалық байқаудан өтпей жүзеге асырған.

Прокурорлық қадағалау актілерімен кінәлі адамдар әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта анықталған бұзушылықтар жойылды.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4