Алматы облысында бүлдіршіндерді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Ал оның әйелі 25 жылға сотталды

Sarbaz.kz редакторы
29/03/2024 - 11:58

Фото: Алматы облысының Полиция департаменті

Фото: Алматы облысының Полиция департаменті

Алматы облысында үш жасар егіздер мен тоғыз жасар қыз балаға айуандық әрекет жасаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Уәкілдің айтуынша, сот ер адаммен бірге қыздардың анасын да ауыр жазаға тартқан.

«Үш жасар егіз қыздар мен 9 жасар қызды зорлау ісі бойынша соңғы сот отырысы өтті. Былтыр қарашада Алматы облысына барғанда осы оқиға анықталған. Сот қыздарды зорлаған өгей әкені өмір бойы бас бостандығынан айырды. Ал оның әйелі (3 жасар егіздердің әжесі, 9 жасар қыз баланың анасы) 25 жылға сотталды», - деп жазды Динара Зәкиева.

Бұдан басқа, лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерін құқықтық бағалауға қатысты облыс прокуратурасы қылмыстық жауаптылықтан, немқұрайлылықтан, қызметтегі әрекетсіздіктен және т.б. алып тастау фактісі бойынша қылмыстық істер қозғады.

«Жетісу, Абай, Павлодар, Жамбыл және Алматы облыстарында да балаларға қатысты ауыр қылмыстар бойынша сот процестері жүріп жатыр. Жақында сотқа Астана қаласынан, Түркістан, Алматы, Жетісу және Ұлытау облыстарынан істер түседі.

Барлығы 8 айда 305 хат түсіп, оның 89-ы оң шешімін тапты. Сондай-ақ, 10 мыңнан астам өтініш бойынша жұмыс жүргізілді. Оның 11-і бойынша теріс пікірлер алынды (барлық істер анықталды). 1780 іс күрделілігіне байланысты әлі қаралып жатыр», - деп жазады Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85