Өзенді кесіп өтпек болған: Аягөзде бірнеше адамды іздеу жұмысы жүріп жатыр

Тағы бір адам аттан суға құлап кеткен

Sarbaz.kz редакторы
29/03/2024 - 10:19

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Абай облысы Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, Абай облысында Қарағаш ауылының азаматтары МТЗ 82 маркалы тракторымен «Шалқар» шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай бет алған. Аталған трактор көлігіндегі екі ер адам жолды қысқарту үшін өзенді кесіп өтпек болған. Алайда су деңгейінің көтерілуіне байланысты, олар өзеннің ортасында қалып қойған. Бүгінгі күні аталған азаматтардың нақты қайда екені белгісіз болып отыр.

Сондай-ақ, 23 наурыздан бері Аягөз өзенінен өтпек болып, аттан суға құлап кеткен 46 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Зардап шеккендер көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатысқан азаматтар емес.

Айта кетейік, Аягөз ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07